Атырау облысында үстіміздегі жылы инвестиция көлемі 39 пайызға артты

1227

Атырау облысында үстіміздегі жылы инвестиция көлемі 39 пайызға артты

2016 жылғы қаңтар-қарашада негізгі капиталға салынған инвестициялар 1840,1 млрд теңге болды, ол жалпы республика көлемінде 27,9%-ды құрап, 2015 жылдың қаңтар-қарашасымен салыстырғанда 39%-ға артты, деп хабарлады облыстың статистика департаментіне сілтеме жасаған strategy2050.kz.

2016 жылғы қаңтар-қарашада инвестицияның өсуі  2015 жылғы сәйкес кезеңмен  салыстырғанда Атырау қаласы және облыстың төрт ауданында байқалды. Өсім Атырау қаласы (29,8%), Құрманғазы (2,8 есе), Жылыой (51,7%), Исатай (32,7%) және Қызылқоға (22,2%) аудандарында орын алды. Инвестицияның төмендеуі Мақат (56,8%), Индер (48,4%) және Махамбет (33,3%)  аудандарында байқалды.

"Негізгі капиталға салынған инвестициялардың негізгі қызмет көлемін жеке меншік нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдар (69,7%) және облыс аумағында қызмет атқаратын басқа да мемлекеттердің шаруашылық жүргізуші субъектілері  (28,7%) игерді. Мемлекеттік сектор үлесі  1,6% құрады", - делінген хабарламада.

Мұнай және табиғи газ өндіру (негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемінің 81%), көлік және қоймалау (8,6%), жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар (1,4%) басым салалар болып табылады.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу