Атырау облысында "VIP" нөмірлерді сатудан бюджетке қомақты қаражат түсіп отыр

924

Ең қымбат "VIP" нөмір бағасы – 872 955 теңге.

Атырау облысында "VIP" нөмірлерді сатудан бюджетке қомақты қаражат түсіп отыр

Атырау облысында жыл сайын "VIP" нөмірлерді сатудан бюджетке қомақты қаражат түсіп отыр. Өңір бұл жағынан еліміз бойынша төртінші орын алады, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

"Біздің клиенттеріміз 2021 жылы бөлім арқылы 1 064, 2022 жылы 42  "VIP" нөмір сатып алды. Мұндай нөмір сатып алған тұлға оны екінші адамға сыйлыққа бере алмайды және үшінші тұлғаға сата алмайды. Себебі "VIP" нөмір тек бір адамның атына рәсімделеді", – деп түсіндіреді "Азаматтарға арналған үкімет" МК" КЕ АҚ облыстық филиалының қоғаммен байланыс жөніндегі менеджері Бекжан Ахметов.

Айта кетейік, 2021 жылы 1 064 "VIP" нөмір үшін – 249 335 283 теңге,

2022 жылы 9 639 262 теңге көлемінде төлем қабылданған. "VIP" нөмірдің орташа бағасы – 57 айлық есептік көрсеткіш, яғни 174 591 теңгені құрайды. Ал ең қымбат "VIP" нөмірінің бағасы 285 айлық есептік көсеткіш немесе 872 955 теңге. Атырау облысы қымбат "төл" нөмірлерді сату жағынан Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларынан кейін 4-орында тұр. 

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу