Атырау облысында заңсыз айналымнан 14697 тонна мұнай, 30668 литр алкоголь алынған

294

Бұл туралы Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті хабарлайды. 

Атырау облысында заңсыз айналымнан 14697 тонна мұнай, 30668 литр алкоголь алынған Фото: inbusiness.kz

Жыл басынан бері Атырауда заңсыз айналымнан 14697 тонна мұнай, 30 мың 668 литр алкоголь өнімі алынды. Сонымен қатар, 1 млн 142 мың 806 қорап темекі тәркіленген, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Атырау облыстық мемлекеттік кірістер департаменті баспасөз қызметінің мәліметтері бойынша, биыл акцизделетін өнімдердің заңсыз айналымын анықтау және жолын кесу мақсатында бірнеше іс-шара жүргізілген болатын.

"Мәселен, желтоқсан айында сондай іс-шаралардың нәтижесінде алкоголь өнімдерін мемлекеттік лицензиясыз және темекі өнімдерін есепке-алу бақылау маркаларынсыз, сәйкестендіруге келмейтін үлгіде заңсыз жолмен сатумен айналысқан тұлғалар анықталды. Бір айда заңсыз айналымнан 1 222 бөтелке алкоголь, 311 қорап темекі өнімдері алынды. Осыған байланысты жинақталған іс материалдары әрі қарай шешім шығару үшін әкімшілік сотына жолданды", - деп мәлімдеді департаменттің баспасөз қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу