Атырау облысында заңсыз мигранттар ұсталды

1163

Атырау облысында заңсыз мигранттар ұсталды

Атырау облысында жолаушыларды 3 автокөлікке шамадан тыс отырғызып, тасымалдаған Өзбекстан азаматтары ұсталды, деп хабарлайды kaztrk.kz.

Көлік салонын қайта жабдықтап, 7 адамға арналған шағын автобуспен 15 жолаушы тасымалдаған жүргізуші ұсталды. Ол Маңғыстау облысынан шығып, Ресей Федерациясының Астрахань қаласына бара жатқанын айтты.

Бұлардың ізінше, республикалық маңызы бар "Доссор-Құлсары-Бейнеу" тас жолы бойында тағы 2 автокөлік ұсталды. Полиция қызметкерлерінің күшімен барлық жолаушы жылы жерге орналастырылды. Одан әрі көші-қон полициясының күшімен Ресей Федерациясына жеткізілмек.

"Аталған автокөліктердің де 3 жүргізушісі – Өзбекстан азаматтарына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590,593-баптарына сәйкес барлығы 7 әкімшілік хаттама толтырылды. Жолаушы тасымалдайтын көліктердің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында облыс көлемінде өткізіліп жатқан "Автобус" жедел алдын алу іс-шарасы барысында барлығы 697 заңбұзушылық анықталып, хаттама толтырылды", - дейді Атырау облысы ІІД баспасөз қызметінің хатшысы Назымгүл Қайсағалиева.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу