Атырау облысында зейнеткер 11 жастағы баланы көлікпен қағып кетті

766

Бала оқиға орнында көз жұмды.

Атырау облысында зейнеткер 11 жастағы баланы көлікпен қағып кетті Фото: polisia.kz

Атырау облысында зейнеткер жасөспірімді қағып кетті. Соның салдарынан бала оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды inbusiness.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, қайғылы оқиға бүгін сағат 7.45-те Құлсары қаласында болған. Toyota Prado автокөлігінің 73 жастағы жүргізушісі жолдан өтіп бара жатқан 11 жастағы жасөспірімді қағып кеткен. Кәмелетке толмаған бала оқиға орнында қайтыс болды.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу