Прокуратура Исатай ауданындағы білім беру ұйымдарында еңбек заңнамасының сақталуына жүргізілген тексеру барысында зейнеткерлердің құқықтарының бұзылғанын анықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Атап айтқанда, зейнеткерлікке шығуына байланысты еңбек шарттары тоқтатылған педагогтер мен мектепке дейінгі ұйымдардың жүзге жуық қызметкеріне заңда көзделген әлеуметтік төлемдер уақытында берілмеген.
Жалпы сомасы 7,2 млн теңгеден асатын міндетті өтемақы төлемдері прокурорлық қадағалау актісінен кейін зейнеткерлерге толық көлемде аударылған.
Сонымен қатар еңбекақы төлеу саласындағы заңнама талаптарын бұзғаны үшін 7 адам ҚР ӘҚБтК-нің 87-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.