Атырау облысында жағдай күрделі

388

Атырау облысындағы су тасқынының жағдайы туралы облыс әкімі Серік Шәпкенов мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Атырау облысында жағдай күрделі Фото: Рахим Қойлыбаев

Әкімнің айтуынша, Атырау облысының аумағында бес өзен бар.

Оның үшеуі бастауын Ақтөбе облысынан алады. Ал екі өзен Ресей Федерациясынан басталады. 

"Қазір Ақтөбе өңірінен бастау алатын екі өзеннен елді мекендерге қауіп сейілді. Бұл — Сағыз және Ойыл өзендері. Ал, Жем өзені арнасынан асты. Соның салдарынан Құлсары қаласының екі шағын ауданына тасқын су кірді. Тасқын су тұрғын үйлерді, бизнес нысандарын басты. Зардап шеккен тұрғындардың шығыны өтеледі", - деді Серік Шәпкенов.

Қазір облыс әкімінің тапсырмасымен Жылыой ауданының әкімдігінде арнайы комиссия құрылған.

Су тасқыны тоқтағаннан кейін арнайы комиссия зерделеу қорытындысы шығарады. 

"Президенттің арнайы тапсырмасына сәйкес, тасқын судан зардап шеккендердің бәріне қолдау көрсетеміз. Өкінішке қарай, қауіп әлі де бар. Қазір Атырау облысында су тасқынына байланысты жағдай өте күрделі", - деп мәлім етті Серік Шәпкенов. 

Еске сала кетелік, бұған дейін тасқын су Атырау облысындағы Құлсары қаласына кіре бастағанын жазған едік.

Құлсары қаласында 2 500 үйді тасқын су басып, 4000 адам, оның ішінде 1 мыңнан астам бала көшірілді.

Кейін Құлсарыда әкімдік, әлеуметтік нысандар мен орталық стадион су астында қалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу