Атырау облысында Жайық өзеніндегі су деңгейі көтеріліп жатыр

298

Жедел штаб су деңгейінің одан әрі көтерілетінін жазады. 

Атырау облысында Жайық өзеніндегі су деңгейі көтеріліп жатыр Фото: Атырау газеті

Атырау облысының жедел штабы соңғы тәулікте Жайық өзеніндегі су деңгейі 5-тен 25 см-ге дейін көтерілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Облыстық жедел штабтың хабарлауынша, Батыс Қазақстан облысы аумағынан ағып жатқан судың салдарынан су деңгейі өзгерді.

Жайық өлшеуіш стансасы – Индербор ауылында деңгей 718 см, көтерілу 25 см, су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілу 495 см.

Махамбет кентіндегі бақылау-өлшеу бекетінде деңгей 779 см, су деңгейінің тәуліктік көтерілуі 15 см, су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілу 462 см.

Атырау қаласы бойынша Жайық өзенінің деңгейі 451 см, су деңгейінің бір тәулікте көтерілуі 5 см, тасқын басынан бері жалпы көтерілу 260 см.

Жедел штаб су деңгейінің одан әрі көтерілетінін жазады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу