Атыраудағы 4 кәсіпорынның қызметкерлеріне қарызы 50 миллион теңгеден асқан

1114

Атыраудағы 4 кәсіпорынның қызметкерлеріне қарызы 50 миллион теңгеден асқан

Атыраудағы 4 кәсіпорын қызметкерлеріне 50 млн теңгеден астам қарыз, деп мәлім етті облыстық мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы  Игілік Әубәкіров. Бұл туралы КазТаг хабарлайды.
"Еңбек басқармасының кәсіподақ ұйымымен бірге өткізген мониторингі нәтижесінде  қызметкерлеріне ағымдағы жылдың басынан бері 56,5 млн теңге қарыз болған 4 кәсіпорын анықталған", - деді И.Әубәкіров
Оның айтуынша, бұл соманы "Модерн Электро" ЖШС, "Painting Scaffolding Insulation Services" ЖШС,   "Атакент-Жылыой" ЖШС және "Яманлаар Иншаат" компаниясының филиалы 3112 жұмысшысына қарыз.  
"Сонымен қатар, екі банкрот болған кмопания 128 жұмысшысына 11,4 млн тенге қарыз", - деп атап өтті И.Әубәкіров.
Аталмыш бұзушылықтар прокуратураның, еңбек инспекциясының және жергілікті биліктің бақылауында, деді ол.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу