Атырау облысында жаңа құрылыс цехы ашылды

955

Онда құрғақ құрылыс қоспалары шығарылады.

Атырау облысында жаңа құрылыс цехы ашылды

Атырау облысында құрғақ құрылыс қоспаларын өндіретін цех іске қосылды. Ол тәулігіне 20-30 тоннаға дейін өнім шығаруға қабілетті, деп жазды inbusiness.kz тілшісі.

"ИСИ Гипс Индер" ЖШС құрғақ құрылыс қоспаларын өндіру цехы үдемелі индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік стратегиялық бағдарламасы аясында іске қосылып отыр. Жобаның жалпы құны 160 млн теңге құрайды. Цех тәулігіне 20-30 тонна өнім шығарады деп күтілуде. 

"Құрғақ құрылыс қоспалары мен ұсақ өнімдер шығаратын зауыттың жылдық қуаты – 10 000 тонна. Цехтың шығаратын өнімі құрылыстағы сылақ жұмыстарының барлық түріне пайдлаланылады. Қазіргі күні біздің өнімімізге сұраныс жоғары", – дейді серіктестік директоры Жолдас Үмбетияров. 

Өңірде соңғы жылдары құрылыс қарқынды жүріп жатыр. Соған байланысты, цех алдағы уақытта өндірісті дамыту мақсатында әріптестік байланысты да қолға алмақ ниетте. 

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу