Атырау облысында жанар-жағармай құю бекетінде автобус өртенді

77

Оқиға орнына тез арада ТЖМ күштері мен құралдары жіберілді.  

Атырау облысында жанар-жағармай құю бекетінде автобус өртенді Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

16 қарашада Атырау облысындағы Доссор елдімекенінде жанар-жағармай құю станциясының аумағында автобус өртенді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

112 дабыл пультіне хабарлама келіп түсіп, оқиға орнына тез арада ТЖМ күштері мен құралдары жіберілді.

"Өрт сөндірушілердің жедел іс-қимылдары арқасында жанар-жағармай құю станциясына оттың одан әрі таралуының алды алынды. Құтқарушылардың үйлесімді жұмысының нәтижесінде өрт қысқа мерзімде сөндірілді", – делінген ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу