Атырау облысында жаппай егу алдағы айда басталуы мүмкін

846

Алайда вакцинация ерікті түрде жасалуға тиіс.

Атырау облысында жаппай егу алдағы айда басталуы мүмкін

Атырау облысында 9-29 наурыз аралығында 1,5 мың тұрғын короновирусқа қарсы "Sputnik V" екпесін алған. Одан бергі дерек әзірге жарияланып отырған жоқ, - деп жазды inbusiness.kz тілшісі. 

Бұл жөнінде хабарлаған облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, наурыз айында жалпы саны 3600 вакцина алынған, қазіргі күні оның 3498-і жаратылыпты. Сала бойынша шаққанда, 41 мемқызметкер, 1590 медицина қызметкері, 1397 педагог, 470 полиция қызметкері егілген. 

"Атырауға 1 сәуірде алдымен 3600, одан кейін 14 мың доза вакцина жеткізілмек. Содан кейін тиесілі құжат жарияланған жағдайда екпені адамдардың барлық қалаған топтары ала бастайды, - дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары Қайсар Абдалиев.  

"Sputnik V" вакцинасын алу ерікті түрде жүзеге асуға тиіс. Соған қарамастан, Жылыой аудандық полиция бөлімінің бастығы Ерболат Досмағұловтың қарамағындағы тәртіп сақшыларына ешқандай сылтауды алға тартпай, міндетті түрде егілуге шақырған аудиожазбасы кеңінен тарауда. Әзірге оның әрекетіне қатысты құқық қорғау органдары тарапынан ешқандай түсініктеме берілген жоқ. 

Құралай Қуатова
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу