Атырау облысында жасөспірім мотоциклмен 8 жасар баланы қағып өлтірді

186

Бүлдіршін ауыр жарақат алып, ауруханаға жетпей қайтыс болды. 

Атырау облысында жасөспірім мотоциклмен 8 жасар баланы қағып өлтірді Фото: bibimot

Қайғылы оқиға 18 мамыр күні сағат 15:25-те Атырау облысында Индер ауданы Бөден ауылында болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты "Мой город" басылымына сілтеме жасап.

 Аудандық полиция бөлімінің мәліметінше, мотоцикл мінген 16 жастағы жасөспірім сегіз жасар баланы қағып кеткен. 1-сынып оқушысы ауыр жарақат алып, Индер аудандық ауруханасына бара жатқан жолда мерт болды.

Тәртіп сақшылары наурызда бұл жасөспірімге жүргізуші куәлігінсіз мотоцикл жүргізгені үшін әкімшілік хаттама толтырылғанын атап өтті. Алайда осыдан кейін адам өліміне әкелген жол апатын жасады.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу