Атырау облысында жасөспірім суға батып кетті

518

Оқиға кеше, 29 мамырда болған.

Атырау облысында жасөспірім суға батып кетті Фото: google.com

Атырау облысында 15 жасар жасөспірім канал суына батып кетті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Жасөспірім Құрманғазы ауданындағы Нұржау ауылының тұсымен өтетін Шарон өзенінің сағасындағы "Жіңішке" каналының тыйым салынған жеріне суға түскен. Жергілікті уақытпен сағат 17:07 шамасында 2008 жылғы жасөспірімнің тереңдігі 3 метр болатын канал суына шомылу кезінде батып кеткені анықталды. Соған байланысты департаменттің құтқарушылары мен ауыл тұрғындары суасты іздестіру жұмыстарын жүргізді. Сағат 19:05-те жасөспірімнің мүрдесі судан шығарылды", -деп хабарлады департаменттің қоғаммен байланыс тобы.

Айта кетейік, Атырау облысында суға шомылу маусымы 15 маусымға шегеріліп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу