Атырау облысында жасөспірімдер жасаған 72 қылмыс тіркелді

429

Бұл туралы Атырау облысының Полиция департаменті хабарлайды.  

Атырау облысында жасөспірімдер жасаған 72 қылмыс тіркелді  Фото: inbusiness.kz

Атырау облысында жыл басынан бері тіркелген қылмыстың дені меншікке қарсы және қоғамдық тәртіпті бұзуға қатысты болып отыр. Ал, қылмыс жасаған күдіктілердің арасында 1 қыз бар, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Әбдіғани Сейдуалиевтің айтуы бойынша, облыста жасөспірімдер тарапынан жасалған 72 қылмыс тіркелген.

"Жыл басынан бері жасөспірімдер қылмысының алдын алу үшін мүдделі мемлекеттік органдармен бірлескен жедел профилактикалық іс-шаралар өткізілді. Жасөспірімдер меншікке қарсы және қоғамдық тәртіп бұзу секілді қылмысты жасауға бейім. Осындай қылмыстың 65-ін балалар жасағаны анықталды. Бірақ, бұл көрсеткіш өткен жылғы дерекпен салыстырғанда 5,8 пайызға төмен. Күдікке ілінген жасөспірімдердің біреуі – қыз бала. Ал, 13 жасөспірімнің жасы 14-15-те болса, 52-сі 16-17 жаста", - деп түсіндірді Әбдіғани Сейдуалиев.

Жалпы, Атырау облыстық прокуратурасы баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, биыл денсаулыққа ауыр зиян келтіру фактілері 15%-ға (40-тан 46-ға дейін), адам өлтіруге оқталу 40%-ға (5-тен 7-ге дейін), өз өзіне қол жұмсау  48%-ға (325-тен 348-ге дейін), адам өлтіру 75%-ға (7-ден 12-ге дейін) өскен. Сондай-ақ, кәмелетке толмағандарды зорлау 60%-ға (5-тен 8-ге дейін), жас балаларды азғындық жолға түсіру 75%-ға (4-тен 7-ге дейін) артқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу