Атырау облысында жастар полицейлерді соққыға жықты

197

Оқиға 3 сәуір күні кешкі сағат 22:00 шамасында болған.

Атырау облысында жастар полицейлерді соққыға жықты Фото: Бейнежазбадан

Атырау облысының Мақат ауданында қызметтік міндетін атқарып жүрген полицейлерге бір топ жастар шабуыл жасаған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Атырау облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, тәртіп сақшылары қызмет барысында заңға қайшы әрекеттің алдын алмақ болған. Осы сәтте бір топ азамат агрессия танытып, полицейлерге күш көрсеткен. Соның салдарынан 2 қызметкер жарақат алған.

Қазіргі уақытта оқиғаға қатысы бар барлық адамдар анықталып, оларға қатысты тиісті процессуалдық шаралар қабылданды. 

Аталған дерек бойынша "Билік өкіліне қатысты күш қолдану" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу