Атырау облысында жастарға арналып 220 пәтер салынып жатыр

709

Атырау облысында жастарға арналып 220 пәтер салынып жатыр

Атырау облысында жастарға арналып 220 пәтердің құрылысы жүріп жатыр. 120 пәтердің құрылысы алдағы наурыз айында аяқталады, ал қалған 100 пәтерлі тұрғын үй енді салынады. Бұл туралы облыстық әкімдікте өткен мәжілісте аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев баяндады.

"Үйлер жас отбасыларға арналған "Жас Отау" бағдарламасы бойынша тұрғызылып жатыр. Баспанаға мұқтаждар саны көп, олардың бәріне қолдау көрсетеміз. Әсіресе, жастарға арнайы көңіл бөлу керек. Биыл 120 отбасы баспаналы болады, бұл ең алдымен олардың болашақ ұрпағына деген қамқорлық", – деді Нұрлан Ноғаев.

Аймақ басшысының айтуынша, қазір бұл жобаны жүзеге асыруға Шығыс Қазақстан облысы мен Алматы қаласы ниет білдіріп отыр екен. Өз сөзінде облыс әкімі жастарды біреуден көмек күтіп отыра бермей, өз беттерінше еңбек етіп, қоғамға үлес қосуға шақырды.

Айта кетейік, өткен жылы мұнайлы аймақта "Дипломмен ауылға" бағдарламасы бойынша 41 жас маман бюджеттік несие, 113-і көтерме жәрдемақы алған. 298 адам тұрақты жұмысқа орналасты. Сондай-ақ, мемлекеттік бағдарлама арқылы бизнес бастап жатқан жастар қатары да артып келеді. Былтыр 27 жас кәсіпкердің алған несиелері субсидияланып, 23 кәсіпкердің несиесі кепілдендірілді.

Мәжіліс барысында облыс әкімі Атырау қаласында "Жастар сарайы" бой көтеретінін де айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу