Атырау облысында жасырын казино қызметінің жолы кесілді

463

Аталған факт бойынша қылмыстық іс тіркелді. 

Атырау облысында жасырын казино қызметінің жолы кесілді Фото: BAQ.KZ

ҚМА Атырау облысы бойынша департаментінің қызметкерлері арнайы кешенді жедел-іздестіру шараларын жүргізу нәтижесінде жасырын казино жұмысын жүргізген адамдар тобын анықтады, деп жазады inbusiness.kz агенттіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Тінту жүргізіліп, ойын фишкалары, карталар 3300 АҚШ доллары, 957 000 теңге және де басқа да заттар тәркіленді. Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыруға қатысты тұлғалар және куәлардан жауап алынды", - делінген хабарламада.

Қылмыстық құқықбұзушылық ұйымдастырушылары өз әрекеттерін толық мойындады.

Бүгінгі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жалғасуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу