Атырау облысында жел екі мектептің шатырын жұлып кеткен

831

Зардап шеккендер жоқ. 

Атырау облысында жел екі мектептің шатырын жұлып кеткен

Атырау облысында жел екі мектептің шатырын жұлып кетті, деп хабарлайды ATPress.

"Солтүстік-батыстан соққан жел мен жауын-шашынның салдарынан Құрманғазы ауданының орталығындағы М.Әуезов атындағы  мектептің  шатыры ұшып кеткен. Мектептің өзі 1982 жылы салынған, бірақ 2014 жылы күрделі жөндеуден өткен. Қатты желдің салдарынан 400 шаршы метрге жуық шатыр бұзылды (бүкіл мектеп шатырының жалпы ауданы шамамен 3 мың шаршы метрді құрайды). Шамамен осы уақытта жел көршілес  Сафон ауылындағы Энгельс атындағы мектептің де шатырын жұлып кеткен. Шатырдың жалпы ауданы шамамен 1,3 мың шаршы метр, оның 150 шаршы метрі қирады ", – деп жазылған  хабарламада.

Сондай-ақ гараж бен қойманың төбесі де зардап шеккені айтылған. Мектеп ғимараты  2011 жылы салынған.

"Зардап шеккендер жоқ. Келтірілген зиянның мөлшері анықталды ", – көрсетілген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу