Атырау облысында жер қойнауын пайдаланушыларға 11 млрд-қа жуық айыппұл салынды

362

Сот екі компанияны кінәлі деп таныды.

Атырау облысында жер қойнауын пайдаланушыларға 11 млрд-қа жуық айыппұл салынды Фото: gov.kz

Атырау облысының прокуратурасы табиғатты пайдалану субъектілерінің экологиялық заңнама талаптарының сақталуына талдау жүргізді, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты ведомствоға сілтеме жасап.

​Талдау шеңберінде парниктік газдар квотасынан асып кету, эмиссияны экологиялық рұқсатсыз жүзеге асыру, сондай-ақ рұқсат етілген шығарындылар нормаларынан асып кету және жердің ластану фактілері анықталды.

​Енгізілген прокурорлық қадағалау актілерінің нәтижеcімен "Karabatan Utility Solutions" ЖШС және "Теңізшевройл" ЖШС әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

​Осылайша, прокуратура уақтылы қабылдаған шаралармен жоғарыда аталған компанияларды сот кінәлі деп таныды, өндіріп алынған айыппұл мөлшері 10,7 млрд теңгені құрады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу