Мұнайлы өңірдегі жер қоры – 11863,1 мың гектар.
"Атырау өңірінің климаты ауыл шаруашылығын дамытуға қолайсыз екені жасырын емес. Қазір аталған салаға қолайсыз жердің үлесі – 58,7 пайыз. Соған қарамастан, былтыр егістік алқаптан жиналған көкөністің көлемі 99 718 тонна болды. Бұған қоса, 43 310 тонна бақша, 28 314 тонна картоп өнімі жиналды. Енді биыл жоспарға сәйкес 2945,2 гектардан көкөніс, 1 345 гектардан бақша, 1 941 гектардан картоп, 4 106 гектардан мал азықтық дақылдар алу жоспарланып отыр", - деп хабарлады Азамат Айтқалиев.
Оның айтуынша, ауыл шаруашылығы саласын одан әрі өркендету үшін бірқатар жүйелі шара қабылданған. Соның нәтижесінде биыл жылыжайлар көлемі 30 гектарға, су үнемдейтін технологиялар орнатылған алқап 4,8 мың гектарға ұлғайған.