Атырау облысында жер сілкінді

374

Жерасты дүмпуі Жылыой ауданының орталығы – Құлсары қаласынан 120 шақырым қашықтықта тіркелген.

Атырау облысында жер сілкінді Фото: canva.com

Қазақ ұлттық деректер орталығының жедел мәліметіне қарағанда, жер сілкінісі 10 сәуірге қараған түнде болған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Астана уақытымен түнгі 01 сағат 40 минутта (Гринвич бойынша 09 сәуір 20 сағат 40 мин) Құлсары қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 120 шақырым жерде сілкінісі болды. Эпицентрдің координаттары: 45.95 градус солтүстік ендік, 54.28 градус шығыс бойлық. Магнитудасы mb=4.3. Энергетикалық класс К=9.1", – деп хабарлады аталған орталықтан.

Осыған орай Атырау облыстық Төтенше жағдайлар департаментінен Сейсмология институтында жер сілкінісі бойынша дерек тіркелмегенін мәлім етті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу