Атырау облысының Индер ауданына қарасты Есбол ауылында жер үйден екі ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты "Ақ Жайық" басылымына сілтеме жасап.
Үй иесі – 1976 жылы туған ер адам, үйінде жалғыз тұрып келген. Сол күні оған қонаққа бір адам келген. Екеуі де сол жерде жан тапсырған.
Индер ауданы әкімдігінің баспасөз қызметінің дерегінше, газбен улану нұсқасы жоққа шығарылды. Ер адамдар қатты қызған пештің қасына тым жақын ұйықтап қалған болуы мүмкін, бұл ағзаның шамадан тыс қызуына әкеліп, қайғылы салдарға соқтырды деп болжанып отыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу