Тексеру нәтижесінде 42 жеке және заңды тұлғаға қатысты әкімшілік істер қозғалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 136-бабына сәйкес сараланып, жалпы сомасы 7 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды. Бұл қаражат мемлекет кірісіне толықтай өндірілді.
Сонымен қатар, заңбұзушыларға анықталған құқықбұзушылықтарды жою жөнінде міндетті нұсқамалар берілді.
Бұдан бөлек, департамент 2 жер учаскесін нысаналы мақсаты бойынша игеру қажеттігі туралы талап қойды. Алайда талаптар орындалмағандықтан, бұл учаскелерді мәжбүрлеп алып қою туралы сотқа арыз берілді.
Сот шешімімен жер учаскелерін мемлекет меншігіне қайтару белгіленді.