Атырау облысында жерге байланысты жұмыстар жүргізіліп жатыр

899

Биыл 45 елді мекеннің шекарасы белгіленді.

Атырау облысында жерге байланысты жұмыстар жүргізіліп жатыр

Атырау облысындағы жер қоры 11 млн 863 мың гектарды құрайды. Ол ауыл шаруашылығы мақсатындағы; елді мекендер; өнеркәсіп, көлік, байланыс; ерекше қорғалатын табиғи аумақтар; орман қоры; су қоры; қосалқы жерлер деген санатқа бөлінеді. Соңғы жылдары бірнеше елді мекеннің аумағы нақты белгіленіп, бірқатар жер телімі берілген. Соның ішінде 2020 жыл басынан бері кәсіпкерлік мақсатта аукцион арқылы 104 жер телімі, ауыл шаруашылығы мақсатында конкурс арқылы 132 жер телімі табысталыпты. 

2017-2021 жылдарға арналған жер қатынастарын реттеу саласында тапсырмаларды іске асыру бойынша іс-шара жоспарының негізінде 2017-2020 жылдарға арналған "Жол картасы" жасақталып, осыған сәйкес 126 елді мекеннің шекарасы бекітілуі тиіс болған. 2017 жылы облыс бойынша аудан орталықтарының 8 елді мекеннің, 2018 жылы 34 елді мекеннің, 2019 жылы 39 елді мекен шекарасы белгіленіп, 2020 жылы 45 елді мекеннің шекарасын белгілеу бойынша жерге орналастыру жұмыстары жүргізілген.

"ҚР Үкіметінің 2016 жылғы "Атырау облысы Атырау қаласының Бас жоспары туралы" қаулысына сәйкес, Махамбет ауданы Алмалы ауылдық округінің жалпы ауданы 7145 гектар жері Атырау қаласының шегіне берілсе, облыстың жерлерін ұтымды пайдалану мақсатында Қызылқоға ауданының жер қорынан жалпы көлемі 413,361 га Мақат ауданына беру жөнінде жерге орналастыру жобасы жүргізілген",  –  дейді облыстық жер қатынастары басқармасы басшысы Әлібек Ермекқали.

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу