Атырау облысында жоғалған құжаттарға кредит рәсімдеген алаяқ ұсталды

1102

Күдікті 350 адамды алдаған.  

Атырау облысында жоғалған құжаттарға кредит рәсімдеген алаяқ ұсталды

Атырау облысында жоғалған құжаттарға кредит рәсімдеген күдікті ұсталды. Бұл туралы ІІМ Криминалдық полиция департаменті Киберқылмысқа қарсы күрес орталығы басшысының міндетін атқарушы Рүстем Дүйсетаев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

"Атырау облысының полиция қызметкерлері семейлік тұрғынды ұстады. Ол әлеуметтік желіде жоғалған құжаттар бойынша хабарландыруды тауып алып, сол деректердің негізінде басқа адамдардың атына микрокредит рәсімдеген", – деді басшы ІІМ-де өткен онлайн-брифингте.

Оның айтуынша, тұрғындар қарызы барын тек кредит төлейтін уақыт өтіп кеткен кезде білген.

"Күдікті 350 адамды алдаған. Шығынның мөлшері 10 млн теңгеден асады", – деді Рүстем Дүйсетаев.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу