Атырау облысы Қызылқоға ауданы Жамбыл ауылдық округіне қарасты Қаракөл ауылының тұрғыны үйінен шығып кетіп, із-түзсіз жоғалып кеткен, деп жазады inbusiness.kz Azattyq Ruhy ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
1998 жылы туған азамат 20 қараша сағат 05:00-де үйінен белгісіз бағытта шығып кетіп, қайта оралмаған.
"Іздестіру жұмыстарына Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің күштер мен құралдары, аудандық полиция бөлімі, жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері және жергілікті тұрғындардан, жалпы саны 37 адам және 5 бірлік техника жұмылдырылды", - делінген Атырау облысы ТЖД Қоғаммен байланыс тобының хабарламасында.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу