Атырау облысында жолаушы тасымалдайтын мекемелерді судсиядиядлау жайы шешілді

524

"Смарт Атырау" КМК тасымалдаушыларға 457,0 млн теңге берешек болатын.

Атырау облысында жолаушы тасымалдайтын мекемелерді судсиядиядлау жайы шешілді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалдарын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың шығындарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізді.

Айта кетейік, облыста бүгінгі күні 49 бағыт бойынша 14 тасымалдаушы мекеме қызмет атқаруда. Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметінше, жолаушы тасымалдаушыларға 2019 жылы 1 807 490 300 теңге субсидия төленсе, 2020 жылдың 8 айындағы жағдай бойынша 1 234 200 998 теңге субсидия төленген. Алайда бүгінгі күнге дейін кәсіпкерлік субъектілеріне субсидиялауға қаражат толық төленбеуде, бұл жағдай осы салада қызмет ететін кәсіпкерлік субъектілерін шығынға ұшыратуда.

Сол секілді, тасымалдаушы ұсынған есептердің дұрыстығын анықтау және субсидиялауға тиісті әлеуметтік мәні бар қатынастар тізбесіне ұсыныстар қалыптастыру үшін құрылған тариф бойынша комиссияның құрамына заңды тұлғалар және қоғамдық бірлестіктердің автокөлік бірлестіктерінің өкілдері енгізілмеген. Мұның өзі мемлекеттік органның ашықтығы, бөлінген субсидияның әділетті түрде жүруі мәселелерінде күмән туғызады. Өйткені, "Атырау қаласының жолаушыларды тасымалдау ассоциациясы" дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар бірлестігі өкілдерінің мәлімдеуінше, бөлінетін субсидия жоғарыда аталған комиссиямен есептелініп, жергілікті мәслихатпен бекітілген сома жеңілдікпен жүретін жолаушылардан шыққан шығындарды жаба алмайды. Басқаша айтқанда, комиссия құрамында ассоциация өкілдері болмағандықтан бөлінетін субсидия көлемі дұрыс есептелмейді немесе кемітіп есептелінеді.

Аталған саладағы мәселенің күрделілігі және кәсіпкерлердің тарапынан туындаған наразылықтардың негізділігі "Атамекен" ҰКП Атырау филиалына "Атырау қаласының жолаушыларды тасымалдау ассоциациясы" дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар бірлестігінің жолдаған өтінішінде де нақты көрсетілген. Негізгі проблеманы тудырып отырған Атырау қаласы бойынша бүгінгі күнге тасымалдаушылардың тасымалдайтын азаматтардың 30 пайызы жеңілдік берілген азаматтар санатына жатады. Олармен "Смарт Атырау" КМК арасында келісім-шарт жасалған, алайда "Смарт Атырау" КМК тасымалдаушыларға 457,0 млн. теңге бережақ болып отыр. 

Қазіргі күні мәселе ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті мен облыстық кәсіпкерлер палатасының араласуымен шешіліп жатыр. Жолаушы тасымалдымен айналысатын кәсіпкерлердің шығындарын субсидиялау бойынша қаражаттарды толық өтеу және одан әрі қаржыландыру облыстық мәслихаттың отырысында қаралып, тиісті қаражат бөлінетін болады. Сонымен қатар, облыстық жолаушылар тасымалы тарифі комиссиясының құрамына жолаушыларды тасымалдау ассоциациясының өкілдері енгізілді. 

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу