Атырау облысында жүк пойызы мен "КамАЗ"-дың соқтығысуы салдарынан бір адам зардап шекті, деп хабарлайды Интерфакс-Қазақстан облыстық ТЖ департаментінің баспасөз-қызметіне сілтемемен.
Атырау облысының Исатай ауданындағы күзетсіз теміржол өткелінде "КамАЗ" бен 68 вагон тіркелген құрам соқтығысқан, 68 вагонның 52-не жүк тиелген екен. Соқтығысу салдарынан "КамАЗ"-дың жүргізушісі түрлі жарақат алып, аудандық ауруханаға түсті.
"№ 2201 жүк пойызы Аққыстау стансасына сүйреп апарылды, оны Атырау стансасынан шыққан көмекші тепловоз айырбастайды. Оқиға басқа пойыздардың қозғалысына әсер еткен жоқ", - деп жазылған ТЖД хабарламасында.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу