Атырау облысында жүк вагондары аударылған учаскеде қозғалыс қалпына келтірілді

196

Багон аударылған кезде салдарынан күкірт төгілген болатын.

Атырау облысында жүк вагондары аударылған учаскеде қозғалыс қалпына келтірілді Фото: baq.kz

Кеше Атырау облысында 4 жүк вагоны рельстен шығып кетіп, 2-еуі аударылған еді. Аталған жағдайға қатысты әкімдік пікір білдірді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, теміржолдағы апат Мақат стансасында болған. 

Құлсары–Алтынкөл теміржол учаскесіндегі (Мақат ауданы) апатқа байланысты оқиға орнына "Қазақстан теміржолы" АҚ-дан 40 адам, 3 техника, 1 қалпына келтіру және 1 өрт сөндіру пойызы, Мақат аудандық азаматтық қорғау қызметі мен төтенше жағдайлар департаменті бөлімінің, полиция бөлімі мен көлік прокуратурасының мамандары жіберілген. 

"Атырау облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мен Ұлттық сараптама орталығы зертханасының мамандары апат болған учаскеде радиациялық фонға тексеру жүргізді. Тексеру кезінде ешқандай ауытқу анықталмады. Апаттан зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Тұрғындардың өмірі мен денсаулығына қауіп төнбеді", – деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.

Қазір оқиға орнында Атырау облыстық экология департаментінің қызметкерлері тексеру жүргізіп жатыр. Жүк тасымалдаушыға заң бұзушылықтарды жою, төгілген күкіртті жинап алу туралы нұсқау берілген. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу