Атырау облысында жүзбелі бекет өртеніп кетті

764

Атырау облысында жүзбелі бекет өртеніп кетті

Дамбы елді мекені маңындағы Жайық өзенінің жағасында орналасқан брандвахта тек жазда пайдаланылатындықтан, қазір қараусыз қалған екен. Нысанда жылу да, жарық та болмаған. Сондықтан, өрттің неден шыққаны әзірге белгісіз.

Инспекторлардың айтуынша, 1980-ші жылдардың аяғында пайдалануға берілген жүзбелі бекет әбден ескіріп, оны есептен шығару үшін жоғары жаққа ұсыныс та беріліп қойған. Қазір бұл дерек бойынша тәртіп сақшылары жұмыс жасап жатыр.

Бейресми мәлімет бойынша, бұл – балық қорын қорғайтын инспекторларға браконьерлер тарапынан жасалған қастық болуы да мүмкін.

 Еске салсақ, осы оқиғадан екі күн бұрын белгісіз біреулер инспекторлардың қызметтік көлігі жүретін жолға үшкір темірлерді орнатып кеткен болатын. Соның салдарынан 6 машинаның 20 шақты дөңгелегі жарамсыз болып қалған еді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу