Атырау облысында жыл басынан бері үшінші үшем дүниеге келді

91

Жаңа туған сәбилерге Сабина, Хабиба және Малика есімдері берілген.  

Атырау облысында жыл басынан бері үшінші үшем дүниеге келді Фото: gov.kz

Атырау облыстық перинаталдық орталығында дүниеге келген үшемдер бүгін үйлеріне шығарылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Мамандардың айтуынша, нәрестелер қажетті медициналық бақылаудан толық өтіп, жағдайлары тұрақталған. Аналардың да денсаулық жағдайы қанағаттанарлық.

"Бүгін үйлеріне шығарылған үшемдердің бірі - Аханова Гүлшат пен Турдалиев Ролланның отбасында дүниеге келген үш қыз. Бұл отбасы үшін қуаныш еселене түсті. Себебі бұған дейін олар үш қыз тәрбиелеп отырған еді. Енді олардың шаңырағында алты қыз өсіп келеді. Жаңа туған сәбилерге Сабина, Хабиба және Малика есімдері берілген. Олардың салмағы сәйкесінше 2109, 2029 және 2295 грамм", – деп хабарлады ДСБ баспасөз қызметі. 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу