Атырау облысындағы 2 теміржол вокзалы жаңғыртылды

355

Жыл басынан бері облыс аумағындағы жолаушылар пойызымен 253,8 мың адам тасымалданды.  

Атырау облысындағы 2 теміржол вокзалы жаңғыртылды Фото: rail-news.kz

Атырау облысындағы Ганюшкино және Аққыстау теміржол вокзалдарында жаңғырту жұмыстары толық аяқталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жөндеу барысында вокзал ғимараттарының қасбеттері мен ішкі бөлмелері жаңартылып, инженерлік желілер мен шатырлар ауыстырылды. Сонымен қатар жаңа жиһаздар мен қажетті жабдықтар орнатылып, вокзал маңындағы аумақ абаттандырылды.

Жаңғырту нәтижесінде Ганюшкино вокзалының аумағы 249,5 шаршы метрден 713,3 шаршы метрге дейін ұлғайды. Ал Аққыстау вокзалының аумағы 202,3 шаршы метрден 214,7 шаршы метрге дейін кеңейді.

Қазіргі таңда облыс аумағы арқылы 9 жолаушылар пойызы қатынайды. 2026 жылдың басынан бері аталған пойыздармен 253,8 мың жолаушы тасымалданған.

Жаңартылған вокзалдар жолаушыларға қолайлы жағдай жасап, өңірдегі көлік инфрақұрылымын дамытуға мүмкіндік береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу