Атырау облысындағы Батыс Прорва кен орнында атқылаған газ алауы тоқтатылды

169

Ақаудың шығу себебі анықталды ма?

Атырау облысындағы Батыс Прорва кен орнында атқылаған газ алауы тоқтатылды Фото: «Ембімұнайгаз» АҚ

Екі күн Атырау облысындағы Батыс Прорва кен орнында газ атқылаған еді. Бүгін ұңғыма тығындалып, газ атқылауы тоқтатылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.                
"Ембімұнайгаз" АҚ-ның баспасөз қызметінен мәлім еткендей, бүгін 8 наурызда сағат 16:40-та №437 ұңғыманы тығындау жұмысы аяқталған. 

– "Жылыоймұнайгаз" басқармасының Батыс Прорва кен орнындағы N437 ұңғымада газ атқылауы толықтай тоқтатылды. Ұңғыма тығындалды. "Ақ Берен" ЖШС-нің әскери авариялық-құтқару қызметі мамандарының көмегімен ұңғыманың сағасына әмбебап гидравликалық превентор қойылды, – деп мәлім етті компанияның баспасөз қызметі. 

Кен орнындағы ақауды қалпына келтіру жұмысына "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ басқарма төрағасының орынбасары Бекзат Абайылданов жетекшілік еткен. Ақауды жоюға "Ембімұнайгаз" АҚ тарапынан жедел штаб құрылып, "Ақ Берен", "Семсер – Өрт сөндіруші" және "СОП Атырау" ЖШС-нің мобильді күзет құрылымдары тартылған. 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу