Атырау облысындағы Батыс Прорва кен орнында ауаға газ атқылады

238

Қазіргі уақытта ұңғыма аумағы қоршалған.

Атырау облысындағы Батыс Прорва кен орнында ауаға газ атқылады Фото: видео скриншот

"Ембімұнайгаз" Ақ баспасөз қызметінен мәлім еткендей, оқиға 6 наурызда Жылыой ауданында болған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Жылыоймұнайгаз" мұнай-газ өндіру басқармасының Батыс Прорва кен алаңындағы №37 ұңғымада перфорациядан кейін сорапты-компрессорлық құбырды түсіру кезінде газ атқылады. Соның салдарынан сораптық-компрессорлық құбыр істен шықты", – деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.

Кен орнындағы оқиғадан мұнайшылар зардап шекпеген.

"Ембімұнайгаз" АҚ-да жедел штабы құрылып, шұғыл шараларды жүргізуді қолға алды. Кен орнындағы ұңғыманың аумағы қоршалды. Ақауды қалыпқа келтіру жұмыстары басталды, – деп мәлім етті компанияның баспасөз қызметінен.

Оқиға орнында "Ақ Берен", "Семсер Өрт сөндіруші", "СОП Атырау" ЖШС мамандары жұмыс істеп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу