Атырау облысындағы ірі компания мемлекетке 600 млн теңгеден астам қаражат төлейді

193

Жер қойнауын пайдаланушымен ерікті түрде 285 000 000 теңге төленді.

Атырау облысындағы ірі компания мемлекетке 600 млн теңгеден астам қаражат төлейді Фото: canva.com

Атырау облысының прокуратурасы жер қойнауын пайдалану саласында заңдылықтың сақталуына тұрақты қадағалауды жүзеге асырады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Анықталғандай, "ANACO" ЖШС 2018-2023 жылдар аралығында көлемі 4 237 248 м3 шикі газдың жоғалуына жол беріліп, жер қойнауын ұтымсыз пайдаланған.

Бұл "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" кодекстің 125-бабының 2-тармағы және 147-бабының 4-тармағының талаптарын өрескел бұзу болып табылады (көмірсутектерді өндіру оның жоғалуын болдырмайтын әдістер мен тәсілдер арқылы жүзеге асырылуы керек).

Қадағалау актісінің негізінде Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекциясының батыс өңіраралық басқармасымен мемлекетке келтірілген залал мөлшері есептеліп, 673 130 278 теңгені құрады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу