Атырау облысындағы кен орнында мұнай төгілді

1098

Атырау облысындағы кен орнында мұнай төгілді

Атырау облысындағы кен орнында мұнай төгілді. Өңірдің  экология департаменті мұнай төгілген кен орнында тексеру жұмыстарын бастады, деп хабарлайды 24.kz.

Топырақтан алынған сынамалар облыс орталығындағы арнайы зертханаға жеткізілді. Жылыой аудандық әкімдігі мен жергілікті маслихат депутаттары және облыстың экологтарынан құралған комиссия табиғатқа келтірілген залал көлемін анықтайтын болады. Айта кетейік, өткен аптада Жылыой ауданына қарасты "Морское" кенішіндегі №502-ұңғымада апатты жағдай болған еді. Салдарынан 750 шаршы метр жерге мұнай төгіліп, топырақ ластанды. Қазір мұнай компаниясы  апатты жағдайды қалпына келтіріп, май төгілген жерді тазалауды аяқтаған. 

"Қазіргі уақытта барлық құзырлы органдар мән-жайды тексеруде. Болған жайтты аудандық құзырлы органдар бақылауына алды. біз өз тарапымыздан бар мәселені анықтап, қатаң бақылауда ұстайтын боламыз", - дейді  Жылыой ауданының әкімі Әлимұхаммед Құттымұратұлы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу