Атырау облысындағы кен орнында жұмысшылар жарақат алды

238

Атырау облысындағы Батыс Прорва кен орнында апатты жою кезінде жұмысшылар зардап шекті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Petrocouncil.kz-ке сілтеме жасап.  

Атырау облысындағы кен орнында жұмысшылар жарақат алды Фото: azh.kz

№437 ұңғыманы жабуға дайындық жұмыстары кезінде герметизациялау жүйесі бұзылған.

Оқиға мердігер ұйым жүргізген гидравликалық сынақтар барысында болған.

"Нәтижесінде бір жұмысшы кеуде тұсынан жарақат алды, бірақ ішкі органдары зақымданған жоқ. Қазіргі уақытта ол Құлсары қалалық орталық ауруханасында дәрігерлердің бақылауында. Оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Екінші жұмысшы медициналық тексеруден кейін үйіне жіберілді", – делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу