Атырау облысындағы мал қарақұрттың шағуынан қырылып жатыр

779

Улы өрмекшілер шаққан 112 малдың 16-сы қырылды. 

Атырау облысындағы мал қарақұрттың шағуынан қырылып жатыр Фото: atpress.kz

Атырау облысы Индер ауданының ветеринариялық стансасы барлығы 112 малды қарақұрт шаққанын анықтады. Оның ішінде 108-і – түйелер, деп жазады inbusiness.kz AtyrauPress порталына сілтеме жасап.

Қарақұрт шаққан 16 мал қырылды.

"19 маусымдағы жағдай бойынша барлығы 112 малды қарақұрт шаққаны анықталды. Оның ішінде Елтай ауылында – 8, Есбол ауылында – 25, Бөдене ауылында – 11, Жарсуат ауылында –  4, Көктоғай ауылында –  54 түйе мен 2 жылқы, Өрлік ауылында –  6 түйе, Индерде жылқы мен сиыр тіркелді", - деп хабарлады Индер аудандық ветеринариялық стансасы.

Ветеринарлар улы өрмекші шаққан малға қажетті ем-дом жүргізіп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу