"Бақылап отырған": Атырау облысында мектеп директоры дәретханаға бейнекамера орнатқан

4023

Білім басқармасы түсініктеме берді.       

"Бақылап отырған": Атырау облысында мектеп директоры дәретханаға бейнекамера орнатқан Фото: stan.kz

Атырауда мектептердің бірінің дәретханасына камера орнатылған. Бірақ оны мектеп директоры ғана бақылап отырған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

Аталған жағдай Қызылқоға ауданындағы орта мектепте болған. Мектеп директоры ақпаратты растап, түсініктеме берді. Бейнекамера мектептің ерлер дәретханасына орнатылғаны анықталды.

"Мектеп дәретханасында бірнеше рет материалдық шығын келтіріліп, ұсақ бұзақылық орын алуына байланысты қолжуғыштарды түсіретін бейнекамера орнату қажет болды. Алайда, оқушылардың құқығы бұзылған жоқ. Камераны орнату туралы шешім мектеп әкімшілігі мен қамқоршылық кеңесінің басшысымен бірлесіп қабылданған. Бұл шара тек тәртіпті сақтау және одан әрі заң бұзушылықтардың алдын алу үшін қабылданды. Жазбаларды мен ғана көре аламын", – деді мектеп директоры Тәттігүл Қалиева.

Жағдайға қатысты Атырау облыстық білім басқармасы да мәлімдеме жасады. Басқарма камераның алынатынын және тексеру үшін комиссия құрылғанын атап өтті.

"Қазір Атырау облысының білім басқармасы камераны алып тастау туралы шешім қабылдады. Басқармада аталмыш фактіні зерттейтін комиссия құрылды. Нәтижесі қосымша хабарланады", – делінген Атырау облыстық білім басқармасының хабарламасында.

Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанда мектеп дәретханаларына камера орнату мәселесіне қатысты оқу-ағарту министрі пікір білдірген еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу