Атырау облысының 20-дан аса тұрғыны суши жегеннен кейін ауруханаға түскен

759

Бұл туралы өңірдің денсаулық сақтау басқармасы хабарлады. 

Атырау облысының 20-дан аса тұрғыны суши жегеннен кейін ауруханаға түскен

Ведомствоның мәліметінше Жылыой ауданының 21 тұрғыны тамақтан уланған. 

"28 желтоқсанда ауруханаға тамақтан уланғандықтан 21 науқас түсіп, ем қабылдауда. Жалпы аурухананың қабылдау бөліміне осындай шағымдармен 29 адам жүгінген. Олардың төртеуі аурухана жатудан бас тартты. Ал төрт адам үйге амбулаторлық ем қабылдауға жіберілді. Барлық науқаста дене температурасының көтерілуі, іш өту, әлсіздік сынды белгілер бар. Жағдайлары орташа ауырлық деңгейінде",  деп жазылған хабарламада. 

Аудандық аурухана директоры Нұрбек Үкібаев науқастардың барлығы 24 желтоқсанда "Үш самурай" дәмханасынан суши тапсырыс бергенін айтады. 

Қазіргі кезде құқық қорғау органдары мен санитарлық қызмет мамандары жаппай уланудың себептерін анықтауда. 

 

Құралай Құдайберген

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу