Атырау облысының әкімі сібір жарасына байланысты жағдайды бақылауына алды

161

Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов өңірдегі Сібір жарасының таралу жағдайы бақылауда екенін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz cайты.

Атырау облысының әкімі сібір жарасына байланысты жағдайды бақылауына алды Фото: pixabay

— Сібір жарасы тіркелген сәттен бастап қала әкімінің шешімімен мал сататын орын толығымен карантинге жабылды. Сол жердегі бар мал есепке алынып, арнайы вакцинациядан өтті. Қазір карантинде тұр, дезинфекция жұмыстары жүргізіліп жатыр, әр уақытта сынамалар алынады. Сонымен қатар сол жерде жұмыс істеген 62 жұмысшыны тізімге алып, мониторингте ұстап отырмыз. Өкінішке қарай, 2 адамнан сібір жарасын жұқтыру фактісі анықталды. Қазір жағдайлары жақсы, медициналық көмекті толық алып жатыр, — деді Серік Шәпкенов облыстың биылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есеп беру барысында БАҚ өкілдерінің сауалына жауап бере тұрып. 

Өңір әкімінің айтуынша, Сібір жарас ошағын жою мәселесі жіті бақылауда. 

— Сонымен қатар басқа да ет сататын орындарда тексеру жұмысын жүргіземіз. Басқа да орындарды мониторинг жүргізіп, сынама алдық. Қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Біз БҚО, Ақтөбе облысынан мал аламыз, біз арқылы Маңғыстау облысына мал жіберіледі, сондықтан облысқа кіретін, облыс арқылы мал өткізуді бақылауда ұстап отырмыз, — дейді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу