Атырау облысының әкімі тағайындалды

627

Бұл туралы Ақорданың ресми сайты мәлімдеді. 

Атырау облысының әкімі тағайындалды Фото: tengrinews.kz

Мемлекет басшысының Жарлығымен Атырау облысы әкімінің лауазымына Серік Шәпкенов тағайындалды.

Серік Жамбылұлы Шәпкенов Атырау облысының әкімі лауазымына тағайындалсын.

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев

Астана, Ақорда, 2022 жылғы 1 желтоқсан, № 21". деп жазылған құжатта.

Серік Жамбылұлы Шәпкенов - мемлекет қайраткері. 1979 жылы 29 шілдеде Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданының Қаратөбе кентінде дүниеге келді. М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің экономикалық кибернетика факультетін бітірген, экономист-математик.

2000 жылдан - М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің оқытушысы.

2001 жылдан - Батыс Қазақстан облыстық қоршаған ортаны қорғау қорының жетекші маманы.

2002 жылдың маусымынан - Батыс Қазақстан облысы Қаржы басқармасының жетекші маманы, 2003 жылдан - бас маманы.

2006 жылдың қаңтарынан - БҚО Экономика және бюджеттік жоспарлау департаменті шынайы секторлы дамыту бөлімінің бастығы.

2006 жылдың наурызынан - БҚО Ауыл шаруашылық департаменті әкімшілік бөлімінің бастығы.

2007 жылдың қаңтарынан - БҚО Ауыл шаруашылық департаменті директорының орынбасары.

2007 жылдың қазанынан - БҚО Экономика және бюджеттік жоспарлау департаменті бастығының орынбасары.

2009 жылдың қыркүйегінен - Батыс Қазақстан облысы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бастығы.

2014 жылдан - ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-аумақтық жұмыс бөлімінің мемлекеттік инспекторы.

2016 жылдан - Атырау қаласының әкімі.

2018 жылдан - Атырау облысы әкімінің орынбасары

2020 жылдан – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары.

2021-2022 жылдары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі.

2022 жылдың 7 сәуірінен бастап Атырау облысының әкімі болып тағайындалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу