Атырау облысының аудандарында жол салынып жатыр

1164

Оларға жергілікті тұрғындарды жұмысқа тарту көзделген.

Атырау облысының аудандарында жол салынып жатыр

Атырау облысы Индер ауданында Көктоғай, Елтай, Қызылжар, Ақтан елдімекендерінде ауылішілік автокөлік жолдары мен жаяу жүргіншілер жолдарын асфальттау жұмыстары  жүріп жатыр. Көктоғай ауылындағы жол жөндеу жұмыстары биылғы мамыр айында басталған. Мұнда он үш шақырым жол төселмек.  Жөндеу жұмыстары 2021 жылдың ақпан айында аяқталады деп жоспарлануда. Ал, жүргізілген жұмыстар 276 адамды қызметке орналастыруға мүмкіндік берген, олардың 138-і - жұмыспен қамту орталығы арқылы келіп отыр. 

"Бұл жұмыстар "Жұмыспен қамтудың жол картасы" мемлекеттік бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылуда. Сондықтан,  жергілікті кадрларды жұмылдыру қажет. Қазіргі уақытта Теңіз кенішіндегі кейбір аса маңызды емес жұмыстардың уақытша тоқтатылуына байланысты біраз адам аудандарға қайтып оралды. Міне, сол азаматтардың тәжірбиесін де пайдалану қажет. Осылайша, халықты жаңа жұмыс орындарымен қамтамасыз ету мәселелерін шешіп отырамыз", - деген аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетов Индер ауданының әкімі Мейірім Калауиға мүмкіндігінше жергілікті жұмыс күшін еңбекпен қамтуды тапсырды.  

Осындай жұмыстар Елтай елдімекенінде де  іске асырылуда, мұндағы жол жұмыстарына 382 адам тартылған, оның ішінде, 194-і - жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмысқа орналастырылған азаматтар.

Индер ауданының әкімі Мейірім Қалауидің айтуынша, шалғай орналасқан Қызылжар мен Ақтан елді мекендеріне жол салу - аудан орталығымен жедел қатынас мәселесін шешуге, әсіресе, оқушыларды оқу орындарына тасымалдауға, шұғыл қызметтердің келуіне мүмкіндік береді. Үш шақырым автокөлік жолын төсеу жұмыстары алдағы қыркүйек айында аяқталуға тиіс. 

Құралай Қуатова
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу