Атырау облысының аумағы үлкейеді

245

Бұл туралы премьер-министр қаулысының жобасында айтылған. 

Атырау облысының аумағы үлкейеді Фото: advantour

Атырау облысының аумағын кеңейту жоспарланып отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz  сайты.

"Атырау облысының шекарасы мен Каспий теңізіндегі Қазақстан Республикасының аумақтық суларының (теңізінің) сыртқы шегі арасындағы жалпы алаңы 3954015,300 гектар жерді Атырау облысы аумағына қосу жолымен Атырау облысының шекарасы өзгертілсін", - деп жазылған құжатта.

Қаулы жобасы 15 шілдеге дейін талқыланады.

Атырау облысының шекарасы былай белгіленеді:

солтүстік шекарасы Батыс Қазақстан облысының әкімшлік бағынысындағы аумақтардың қолданыстағы шекаралары бойынша;

шығыс шекарасы Ақтөбе облысының әкімшлік бағынысындағы аумақтардың қолданыстағы шекаралары бойынша;

оңтүстік шекарасы Маңғыстау облысының әкімшлік бағынысындағы аумақтардың қолданыстағы шекаралары бойынша;

оңтүстік-батыс шекарасы Каспий теңізіндегі Қазақстан Республикасының аумақтық суларының (теңізінің) сыртқы шегі бойынша;

батыс шекарасы Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасы бойынша.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу