Атырау облысында ұшқышсыз ұшу аппаратының бөліктері елді мекеннен тыс жерде табылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Жергілікті тұрғындардың сөзінше, құлау сәтінен кейін бірден өрт тұтанып, кейін оқиға орнынан күйіп кеткен бөлшектер табылған. Олар ұшқышсыз ұшу аппаратының сынықтарына ұқсайды.
– Атырау облысы Полиция департаменті уәкілетті қызметтермен бірлесіп, ұшқышсыз ұшу аппаратының сынықтарына ұқсас заттардың табылуына байланысты тексеру іс-шараларын жүргізіп жатыр. Нысан елді мекен аумағынан тыс жерде анықталған. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда, – делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта нысанның қайдан келгені және нақты не болғаны белгісіз.