Атырау облысының автобус жүргізушілері 500-ден аса құқық бұзушылыққа жол берген

502

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 230-бабының 2-бөлігі бойынша 47 жүргізушіге айыппұл салынса, 16 автокөлік арнайы тұраққа қойылды.  

Атырау облысының автобус жүргізушілері 500-ден аса құқық бұзушылыққа жол берген Фото: atpress.kz

26-31 қазан аралығында өткен "Автобус" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Атырау облысында 500-ден аса құқық бұзушылық анықталып отыр, деп жазады inbusiness.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Соның ішінде жолаушыларды, жүкті және жүктерді тасымалдау қағидаларын бұзған 67 тұлға, автокөлік құралдары жүргізушілерінің жолаушыларды, багажды немесе жүктерді автомобильмен тасымалдауды жүзеге асыру кезінде еңбек және демалыс режимін бұзған 5 адам, тиiстi рұқсатсыз көлiк құралын басқарған 17 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

"Рейс алдындағы тексеруден және медициналық тексеруден өтпеген 10 азаматқа, мемлекеттiк немесе мiндеттi техникалық қарап-тексеруден өтпеген көлiк құралын басқарған 107 тұлға, көлiк құралын басқару кезiнде телефонды не радиостанцияны пайдаланған 88 адамға, белгiленген жүру жылдамдығын арттырған 26 тұлға, маневр жасау қағидаларын бұзған 94 азаматқа, жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқарған бір тұлғаға әкімшілік жауапкершілік көзделді", - деп жазылған хабарламада.

Айта кету керек, аталмыш іс-шара облыс аумағында қоғамдық көліктің жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жолаушылар тасымалдайтын автобус жүргізушілері тарапынан тіркелетін жол-көлік апаттарының алдын алу мақсатында өткізілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу