Атырау облысының денсаулық сақтау басқармасына жаңа басшы тағайындалды

1100

Байдуәлиев Асхан Мархабайұлы – дәрігер-уролог, медицина ғылымдарының кандидаты.

Атырау облысының денсаулық сақтау басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Биылғы жылдың тамыз айының 17-інен бастап Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары, кейін басқармас басшысының міндетін атқарушы қызметтерін атқарып келген Асхан Байдуәлиев Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының басшы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

Байдуәлиев Асхан Мархабайұлы – дәрігер-уролог, медицина ғылымдарының кандидаты.

С.Ж. Асфендияров атындағы қазақ ұлттық медицина университетін аяқтаған Асхан Байдуәлиев еңбек жолын аталған университетте урология және жедел нефрология​ кафедрасында ассистент болып бастаған. Әр кезеңде ​Алматы облысындағы Қарасай аудандық емханасының директоры, Алматы облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысы, С.Ж. Асфендияров атындағы қазақ ұлттық медицина университетінің қосымша кәсіби білім орталығы басшысы қызметтерін атқарды. Сондай ақ, С.Ж. Асфендияров атындағы қазақ ұлттық медицина университетінің клиникалық жұмыстар жөніндегі департамент директоры, Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы лауазымдарында болды.​

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу