Атырау облысының Индер ауданына жаңа әкім тағайындалды

203

2022 жылдан осы тағайындауға дейін Атырау қаласы әкімінің орынбасары лауазымын атқарып келді.

Атырау облысының Индер ауданына жаңа әкім тағайындалды Фото: Атырау облысының әкімдігі

Атырау облысының әкімі Серік Шәпкеновтің өкімімен ҚР Президенті Әкімшілігі және аудандық мәслихаттың келісімімен Индер ауданының әкімі лауазымына Серік Нысанбаев тағайындалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Серік Бағытжанұлы 1980 жылы Атырау облысында дүниеге келген. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін "құқықтану" мамандығымен бітірген.

Еңбек жолын 2003 жылы Атырау қаласы әкімінің аппараты мемлекеттік-құқықтық және әскери жұмылдыру жұмыс бөлімінің бас маманы болып бастаған.

2008-2017 жылдары Атырау қалалық әкімі аппараты мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімінің, 2017-2022 жылдары аралығында Атырау қаласы әкімі аппаратының басшысы болған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу