Атырау облысының кәсіпорындары жалақыны көтере бастады

1638

Соңғы мәліметтер бойынша облыстың 1724 кәсіпорнында 10030 қызметкердің жалақысы 42,5 мың теңгеден төмен. 

Атырау облысының кәсіпорындары жалақыны көтере бастады

Атырау облысында кәсіпорындар өз қызметкерлерінің қаржылық тұрақтылығын жақсарту бойынша жұмыстарды бастады. Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында айтылған ең төменгі жалақы мөлшерін арттыру жөніндегі тапсырмалар аясында өңірдің бірқатар компаниялары өз қызметкерлерінің жалақысын орташа есеппен 10-нан 30% - ға дейін арттырды, деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі. 

Атырау облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Асқар Жанахметтің сөзінше, қазіргі уақытта мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы мен кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасымен бірлесіп жұмыс берушілер мен ірі ұйымдар арасында жалақысы төмен қызметкерлердің жалақысын көтеруге қатысты міндеттерді түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Бұл жұмыс өз нәтижесін беруде.

"Қасхим" ЖШС ди⁠ректоры Этибар Мамадовтың айтуынша биылғы жылы кәсіпорынның кейбір қызметкерлерінің жалақысын 12% - ға көтерді. Келесі жылы қалған қызметкерлер үшін 10-15% - ға өседі деп күтілуде.

"Біздің көпбейінді кәсіпорында 380 адам жұмыс істейді. Біз еңбек жағдайларына да, оның лайықты төлеміне де көп көңіл бөлеміз. Біз қызметкерлердің жалақысын көтеру бойынша жұмыстар жүргіздік. Орта есеппен біздің қызметкерлер 180 мың теңгеге дейін алады. Ең төменгі жалақы 110 мың теңге деңгейінде - деді Тимур Қожақанов. - Бұрын біздің қызметкерлер кем дегенде 80-90 мың алды. Бұл мәселе біздің бақылауымызда. Келесі жылы да біз қызметкерлердің жалақысын арттыруды жоспарлап отырмыз. Бұл жұмысты жыл ортасында жүргіземіз деп ойлаймын", - дейді бұл туралы "Жігермұнайсервис" ЖШС ди⁠ректорының орынбасары Тимур Қожақанов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу